Шымкентте құрылыс материалдары дүкені өртенді

1062

Шымкентте құрылыс материалдары дүкені өртенді

Шымкентте "Альянс" сауда үйіндегі құрылыс материалдарын саудалайтын бес бөлімді шарпыған өрт ауыздықталды, деп хабарлады жұма күні облыстық ТЖ  департаментінің баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметі бойынша, өрт өткен түнде Жібек жолы көшесінде орналасқан ғимаратта болған.  Өрт 130 шаршы метрді жалмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда материалдық шығын сомасы мен өрт себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 50 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу