Шымкентте құрылыс материалдары көрмесі өтті

1129

Шымкентте құрылыс материалдары көрмесі өтті

Шымкент қаласында жаңадан таныстырылымға ұсынылған құрылыс материалдары көрмесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Көрмеде "Азия керамик", "Арт құрылыс", "Ақ орда", "ССИ", "Отау строй", "OTAU HOME SERVICES" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өндіретін құрылыс материалдары орналастырылған. Ондағы мақсат - жергілікті тауар өндірушілердің шетелдік құрылыс материалдарын алмастыра алатынын көрсету болып табылады.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі құрылыс материалдарының және конструкцияларының 50-ден астам түрі шығарылады. Ал құрылысқа арналған жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар шығаратын 30 ірі және орта кәсіпорын мен 120-дан астам цех жұмыс істейді.

"Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс бұйымдарының импорты өңір қажеттілігінің 80 пайызын құрайды. Полимерден жасалатын тұсқағаздар мен жабындылар толығымен сырттан тасымалданады. Осы үрдісті азайтуымыз қажет. Ол үшін өңіріміздегі шикізаттарды тиімді пайдаланып, қайта өңдеу мәселесіне көңіл бөлу қажет", - деді көрмені аралаған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу