Шымкентте құрылыс және интерьер көрмесі басталды

1113

 Шымкентте құрылыс және интерьер көрмесі басталды

Бүгін Шымкентте құрылыс және интерьер көрмесі басталды. "Shimkent Build -2018" шарасы үш күнге жоспарланып отыр. Саладағы озық технологияларды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған көрмеде еліміздің және Өзбекстан, Ресей елдерінен келген 30 — ға жуық кәсіпорын өз өнімдерін ұсынуда, деп хабарлайды otyrar.kz.

Құрылыс көрмесінде отандық тауарларлар басым. Онда әрлеу материалдары мен түрлі құрал-жабдықтар, лак-сыр өнімдері қойылған. Құрылыс техникалары мен жылыту, сумен қамту жабдықтары да бар.

Ал алматылық кәсіпкерлердің декоротивті өнімдері алыстан менмұндалап тұр. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға пайдаланылатын кескіндерге бүгінде жергілікті тұтынушылар да тапсырыс беруде дейді олар.

Нысандарының сапалы болуы материалдарға көп байланысты дейді мамандар. Мемлекет тарапынан қолға алынған құрылыстарда бүгінде 90 пайыз отандық өнімдер пайдаланылады. Бұл мердігерге қойылған талап. Сондықтан да бұл тауарлар сапалы әрі төзімді болуы тиіс. Алайда салаға жауаптылар бүгінде сапалы матариал табу қиын емес, тек құрылыс техникасын дұрыс таңдау қажет дейді.

Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты — құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында алтын көпір орнату болып табылады.

Айта кетейік, облыста алдағы бесжылда 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Қаланың басты құрылыс алаңы "ShymkentCity" жобасы да қызу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу