Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелемек" болып, аяусыз ұрған

317

Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелемек" болып, аяусыз ұрған Фото: Istockphoto

Кадрларда күзетші формасындағы ер адам жасөспірімді ұстап алып, оған ұрысқан. Кейіннен ол баланы ағашпен ұрып, ішінен екі рет жұдырықпен қатты соққы жасаған. Соққы алған жасөспірім:

"Аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!", – деп жан-айқайын жеткізген.

Әлеуметтік желіде тараған бейненің жазбасында:

"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", – деп жазылған видеода жазбасында.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Шымкент қалалық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу