Шымкентте КВИ-дан көз жұмған адамның бірнеше аурумен ауырғаны белгілі болды

818

1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны болып шықты.  

Шымкентте КВИ-дан көз жұмған адамның бірнеше аурумен ауырғаны белгілі болды

65 жастағы азамат 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған.

Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу