Шымкентте қысқаметражды фильмдер байқауы басталды

1352

Шымкентте қысқаметражды фильмдер байқауы басталды

Шымкентте жас режиссерлар арасында дәстүрге айналған қысқаметражды фильмдердің байқауы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Биылғы кинотуындылар сайысы Астананың 20 жылдық мерекесіне арналып отыр.

Өткен жылы бұл фестиваль "Самғау-2018" атауымен өткен болатын. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы 20 жас талантты режиссер бақ сынаған еді. Ал Астананың мерейтойына арналған байқауға қатысушылар саны екі есеге көбеймек.

5-10 минуттық шағын туындыларда отбасы құндылықтары, жемқорлықпен күрес, спорт және бас қала Астана тақырыптары көрініс табуға тиіс. Ең үздік деп танылған қысқаметражды фильм жарты миллион теңгені жеңіп алады.

"Бұл фестивальдің бірден-бір ерекшелігі біздің өңіріміздегі кино индустрия саласына үлкен мән беріліп, жас таланттардың жылма-жыл артып келе жатқанын біз көзімізбен көріп отырмыз. Фестивальдің мақсаты – осы талантты шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп, өнеріне, шығармашылығына жағдай жасау, мүмкіндік беру", - дейді облыстық жастар рессурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу