Шымкентте ерте көктемде қаланы түрлендіретін қызғалдақ гүлін егу жұмыстары басталды. ЛТД тұрмыс мекемесінің 30 жұмысшысы 10 күннің ішінде польшалық 4500 гүлдің тұқымын жерге отырғызуы тиіс, деп хабарлайды otyrar.kz.
Сала мамандарының айтуынша, бұл қызғалдақтар ерте көктемде 15 күн ғана қалалықтарды қуанышқа бөлейді. Мерзімі өтісімен оның тұқымы қазылып алынады және арнайы жерде сақталып, осы мезгілде қайта егіледі екен. Бүгін егіліп жатқан гүл дер кезінде ашылатынына сала мамандары сенімді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу