Шымкентте қытайлық қамауға алынды

447

Шымкентте қытайлық қамауға алынды

Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық соты адам өлтірді деген күдікпен Қытай азаматын 2 ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сотқа материал келіп түсті, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Іс материалдарына қарағанда, олар өзара келіспей қалған болуы мүмкін", - дейді Еңбекшіқазақ аудандық сотының үйлестіруші судьясы Қайрат Ізбасаров.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні Шымкенттегі жекеменшік компаниялардың бірінің асханасында болған. ҚХР-ның 29 жастағы азаматы жанжал кезінде 34 жастағы өз отандасына пышақ салып, жарақат салдарынан жәбірленуші қаза тапқан. Полиция "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу