Шымкентте қызылша ауруы дендеп тұр: мамандар дабыл қақты

362

Мамандардың сөзінше, ауырғандардың жартысынан астамы екпе алмаған. 

Шымкентте қызылша ауруы дендеп тұр: мамандар дабыл қақты Фото: pixabay.com

Шымкентте қызылша ауруы дендеп тұр. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 3683 адам бұл ауруға шалдыққан. Оның ішінде 86%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. 1 қыркүйектен бастап қаладағы 86 мектеп пен 89 балабақшада қызылша анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы Жанаргүл Жақсылықова 2 мың жағдай зертханалық тұрғыдан расталғанын, қалғаны бойынша талдау жүргізіліп жатқанын баса айтты. Оның сөзінше, аурудың өршуінің басты себебіне екпеден бас тарту жатады.

"Қызылшаға қарсы екпе алудан бас тартқандар – 50%. Науқастардың жартысы – вакцинациядан өтпегендер. Олардың ішінде екпе алуға жатпайтын бір жасқа дейінгі балалар да бар. Ауруға шалдыққандардың 3 мыңы – 14 жасқа дейінгі балалар. Дертті алдын алудың ең тиімді шарасына вакцинация жатады. Қызылшаның қазіргі жағдайын өршу деуге болады", - деді ол.

Жанаргүл Жақсылықова ұқсас жағдай 2018-2019 жылдары болғанын, бұл кезде бар болғаны 3 мың жағдай анықталғанын жеткізді.

"Пандемия кезінде қызылша жағдайы мүлдем тіркелмеген, ал биыл өсім байқалып отыр", - деді департаменттің бөлім басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу