Шымкентте бір топ адам лифтіде ер кісіні аяусыз соққыға жықты. Оқиға "Отау Сити" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кадрларда бес адамның ішке кіріп, жәбірленушіні ұрып, сосын оны сыртқа сүйреп шыққанын көруге болады.
Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық қатысы барлар анықталып, полицияға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу