Шымкентте Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды

950

Шымкентте Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды

Шымкент қаласында Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Литва Республикасының Шымкенттегі  құрметті консулы болып  Мамадияр Қадырбеков тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев консулдықтың ашылу рәсімі алдында Қазақстандағы Литваның төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті.

Басқосуда қос тарап экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен туризм саласында әріптестік қарым-қатынасты орнату мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі қонақтарға өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері мен транзиттік әлеуеті жайын мәлімдеп, Қазақстан мен Литва Республикасы арасында өзара тиімді серіктестік орнатылғанын жеткізді.

Дипломатиялық өкілдік қос ел арасындағы өзара ынтымақтастықты орнату мен дамытуды жоспарлап отырғанын айтқан Витаутас Наудужас литвалық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының мамандарымен әріптестік байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Оларды өңірдегі аграрлық сектордың дамуы, атап айтқанда ет өңдеу жұмыстары қызықтырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу