Шымкентте мал ұрлаған шекарашыларға сот үкімі шықты

1264

Қос әскери қызметкерге де шартты түрде жаза тағайындалды.  

Шымкентте мал ұрлаған шекарашыларға сот үкімі шықты

Шымкент гарнизоны әскери сотында мал ұрлығына қатысты әскерилерге қатысты сот отырысы өтті.  Айыпталушылардың бірі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің "Дархан" шекара заставасында   әскери қызметін келісімшарт бойынша атқарған 1998 жылғы дүниеге келген азамат. Ол бес жылға сотталды, сонымен қатар әскери "ефрейтор" шенінен айырылды. Ал екіншісі  ҰҚК Шекара қызметінің 10-шекара жасағы Б.Қонысбаев атындағы   шекаралық бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы да дәл осы мерзімді арқалады. Сот отырысында бұлардан бөлек тағы төрт жұмыссыз азаматқа да сот үкімі оқылды. Сотталушылардың барлығына шартты жаза тағайындалды.  

Судья Жәмиля Төленова мұндай жаза сотталғандардың бұрын сотты болмағанын және жәбірленуші тараптың кешірім бергенін, сонымен қатар материалдық шығындары өндірілгенін ескере тағайындағанын айтты. Оңай олжаға кенелгісі келгендер қылмысқа алтау топ болып бірден ұрлыққа түспеген.  Екеуара, үшеуара, жалғыз болып барғаны анықталды.

Айта кетсек, сот үкімі кесілген алты азаматты барлығы Түркістан облысы, Келес ауданының тұрғындары. Олар өткен жылдың жазынан бері ауылдың төрт түлігін қолды етіп келген. Прокурордың мәліметінше, олар  жайылымнан бөлек қорадағы малды да үптеп кетіпті. Жаза арқалағандар жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу