Шымкентте мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ұлттық біріншілікке жалпы есебі 113 спортшы қатысуда.
Чемпионат 30 қарашаға дейін созылады. Жастар арасындағы додада Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларымен бірге Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облысынан спортшылар бақ сынап жатыр.
Астана қаласынан 26, Алматыдан 22, Қарағанды облысынан 27, Шымкенттен 16 спортшы қатысуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу