Шымкентте мас ер адам кинотеатрға келген адамның көлігін ұрлап кеткен

556

Ол бірнеше минуттан кейін Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды. 

Шымкентте мас ер адам кинотеатрға келген адамның көлігін ұрлап кеткен Фото: polisia.kz

Әл-Фараби ауданының полицейлеріне қаладағы жеке кинотеатрлардың бірінің маңында тұрған Mercedes-Benz Sprinter көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қала тұрғыны қалыңдығымен кино көруге келген, көлігінің ұрланғанын біліп, бірден 102-ге хабарласқан.

Көлік ұрысын ұстауға №776 автоэкипаж бағытталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы хабарлап отырды. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, газды басып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу