Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

885

Шымкентте алты айда мас күйінде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

"Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері биылғы жылдың қаңтар мен маусым айларының аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 309 жүргізушіні ұстады. Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды",– деп жазылған сайтта.

Еске сала кетсек, заңнамаға сәйкес көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғандар, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергендер 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу