Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақпен шабуыл жасады

495

Учаскелік полицейдің мойны мен қолын жарақаттаған.   

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақпен шабуыл жасады Фото: inbusiness.kz

Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қыркүйек күні кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барды. Жергілікті тұрғын оны күйеуі оны ұрғанын жеткізді. 

Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көрді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған. 

Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды. 

Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді. 

Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Ер адам қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу