Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келіні құрайтын мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.
"Ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес грамды құрайтын 32 орама "синтетика" анықталды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді тәртіп сақшылары.
Ведомсто есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен оны тарату арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.