"Өлгендерге ақша аударған": Шымкентте мектеп басшылығы 48 млн теңге жымқырған

328

Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өлгендерге ақша аударған": Шымкентте мектеп басшылығы 48 млн теңге жымқырған Фото: Яндекс Карта

Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлім еткендей, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, "өлі жандарға" жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу