Шымкентте мектеп формасын тігетін фабрика жабылудың аз-ақ алдында тұр

784

Себебі еліміздің Білім министрінің мектеп формасын жою туралы шешімі зауытты банкротқа ұшыратуы мүмкін.  

Шымкентте мектеп формасын тігетін фабрика жабылудың аз-ақ алдында тұр

Шымкентте бірнеше жылдан бері мектеп формасын шығаратын тігін фабрикасы жабылудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бүгінде 250 жұмысшысы бар кәсіпорын жаңа оқу жылына деп дайындалған мектеп формасының барлығын да қоймаға жіберуге мәжбүр. Осылайша, мыңдаған оқушыға дайындалып тігілген түрлі сарафандар мен юбкалар, шалбарлар мен жейделер сатылмайтын болды. Ал тігін фабрикасы киімдерге жұмсаған миллиондаған қаржысын қашан қайтарылатыны белгісіз.

Фабрика басшыларының сөзінше, бастапқыда карантиндік шектеулерге байланысты өндіріс екі айға жуық уақытқа тоқтап тұрған.  Ал, жұмысшылар цехқа қайта оралғанда, олардың көп айлық еңбегі енді ешкімге қажет емес болып шықты. Кеткен шығынды қайтару үшін шілде мен тамыз айларында мектеп формасын сату мүмкіндігі де болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу