Шымкентте оқыс оқиға болып, №44 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Мекеменің дерегіне сүйенсек, 35 жастағы ұстаз мектеп ғимаратында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында жарақат алған. Ер адам ауруханада көз жұмады.
Қазіргі таңда оқиғаның себебін анықтау жүріп жатыр, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу