Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль сатып алған

173

Мұндай активтерге тыйым салынады.  

Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға әйеліне электромобиль сатып алған Фото: ev-avto.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров қаржылық тергеу нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі.

"Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген. Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Бұдан бөлек Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленді.

"Мұндай барлық активтерге тыйым салынып, олардың тәркіленуі бойынша шешімді сот үкім шығарған кезде қабылдайды", - деп хабарлады Антикор өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу