Шымкентте мемлекеттік қызметтің 97%-ы электронды жүйеге көшеді

557

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтердің 97 пайызы – автоматтандырылған электронды жүйеге көшеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкентте мемлекеттік қызметтің 97%-ы электронды жүйеге көшеді Фото: egemen.kz

Көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін 1 мың бейнекамера орнатылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және қаланың қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында осы саладағы атқарылған жұмыстар зерделенді.

Сыбайластыққа тұсау салу үшін Шымкентте білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру электронды бағдарлама арқылы жүргізілуде. Мұнан бөлек үй кезегіне жазылу, баспананы жекешендіру де автоматты жүйе арқылы атқарылады. Әлеуметтік қорғау саласындағы 33, жер қатынастарындағы 15 қызмет түрі электронды форматқа көшкен.

"Медицина, білім беру саласы, жер қатынастары, сонан соң әлеуметтік мәселелер, жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы, ол жерде де сыйбайластыққа байланысты жұмыстар бар", – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу