Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.