Шымкентте мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды. Жаңа басқармамен қосқанда енді қала әкімдігінде 23 басқарма болды, деп хабарлайды otyrar.kz.
"Алдағы уақытта барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын осы басқарма жүзеге асыратын болады. Білікті мамандар сапалы жұмыс атқаратынына сенім мол", – деп атап өтті қала әкімі.
Аталған шешім қалалық мәслихатының кезектен тыс 48-ші сессиясында қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу