"Менің гүлді аулам" – бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Яғни, конкурсқа қатысушы тұрғындар ауланы көгалдандырып, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егіп, оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасап отыруы тиіс" - деді қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров.
Ең басты шарттардың бірі – гүлдердің 25%-ы қызғалдақ болуы қажет. Жалпы, қатысушы аула тұрғындары дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолданып, фестивальдің тақырыбын ашуы керек.
Жеңімпаздар қомақты қаржымен марапатталады. Атап айтқанда, 1 орын - 3 миллион, 2 орын - 1 миллион және 3 орынға - 500 мың теңге беріледі. Жеңімпаздар әр ауданнан бөлек-бөлек таңдалады. Яғни, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарынан үш жеңімпаздан болады. Арнайы құрылған қазылар алқасы тұрғындардың еңбегін саралап, тиісті бағасын береді.
Өтініш беру www.visit-shymkent.kz сайты арқылы жүреді.