Шымкентте мереке қарсаңында жетім балаларға сыйлық таратылды

1158

Шымкентте мереке қарсаңында жетім балаларға сыйлық таратылды

Шымкентте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 804 бүлдіршін Жаңа жыл қарсаңында сыйлыққа кенелді. Олардың әрқайсысына 42 мың теңгеден үлестірілді. Бұл қамкөңіл бүлдіршіндерге деген жергілікті әкімдіктің сыйы, деп хабарлайды 24Хабар.

Қала басшылығы бұл бастаманы былтыр қолға алған. Яғни көшелерді безендіріп, шырша орнату үшін бөлінген 80 миллион теңгені жетім-жесірлер мен аз қамтылған отбасыдан шыққан 5500 балаға теңдей етіп бөліп берген болатын. Ал жалпақ жұрт асыға күтетін биылғы Жаңа жыл мерекесі де өз деңгейінде тойланады. Қазір қаланың үш аумағына шырша орнатылып, олар бұған дейінгі қолда бар шамдармен безендірілген. "Бастысы, бүлдіршіндердің күлкісі" - дейді әкімдіктегілер.

"Биыл қаланы безендіру жылдағыдан кем түспеді. Яғни қаламыздың ең үлкен ірі көшелеріне көңіл ерекше бөлініп отыр. Ол Тәукехан даңғылы, Республика, Бәйдібек би, Астана, әл-Фараби алаңы. Әрбір мекеме өзінің ауласын безендірді. Сонымен қатар демеушілер болды, олар көмектесті және де былтырғы әшекейлерді қолданамыз, безендірусіз қалмайды", – деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Айгерім Жұмағұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу