Шымкентте "Mersedes" көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті

414

Өрттің шығу себебі анықталуда

Шымкентте "Mersedes" көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті

Шымкентте "Mersecedes" көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті.

Оқиға Абай ауданына қарасты Арғынбеков көшесі бойында болды. Жол үстінде өртенген "Mersecedes-Benz" маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

"Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда" - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу