Жарылыс салдарынан бүгінде жылы орнын тастап, босуға мәжбүр болған арыстық тұрғындардың ашуы басылар емес. Наразы топ Шымкенттің негізгі көшесіне түсіп алып, шаһар орталығына қарай беттеп келеді.
Еске сала кетсек, бүгін митингіге шыққан Арыс тұрғындарымен Шымкент пен өңір әкімі де кездескен болатын. Эвакуация бекеттерінің бірі орналасқан "Ақ мешіт" аумағына жиналған халық, билікке талабын жеткізді. Өмірзақ Шөкеев қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашулы топты байсалдылық танытуға шақырды. Дегенмен, жауапты қанағат тұтпағандар күре жолды жауып, орталықты бетке алып келе жатыр. Мақсат "Нұр Отан" өкілдерімен кездесу.
Бұзақылық әрекеттерге барғысы келіп, дүкен тонауға ниет танытқандырды шерушілер өзара басып, райдан қайтарған. Олар тұтасып, шашау шықпай алған бағытына қарай жүріп келеді. Полицейлер оларды бақылап қана тұр.
Айта кетсек, Шымқалада сынап бағанасы қазір 36-39 градусты көрсетіп тұр.
Арай Есенбек