Шымкентте монополистке 4,6 миллион теңге айыппұл салынды

866

Тұтынушылардың өтініштері негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "3-Энергоорталық" АҚ-ға қатысты ҚР Табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізген. 

Шымкентте монополистке 4,6 миллион теңге айыппұл салынды

Тексеру барысында 1) "3-Энергоорталық" АҚ-ы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағы 1) тармақшаларының талаптарын бұза отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізбестен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетті;

2) "3-Энергоорталық" АҚ-ы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағы 6) тармақшаларының талаптарын бұза отырып, тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілегені анықталған.

Субъектіге қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

"3-Энергоорталық" АҚ-ы бұзушылықтарды жасау фактілерін мойындады және санкцияда көрсетілген баптың елу пайызы мөлшерінде екі хаттама бойынша жалпы сомасы 4 667 200 теңгеге айыппұл төлеуге келісті.

Сонымен қатар Департамент тексеру нәтижелері бойынша ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу