Шымкентте мұғалімдер жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды

813

Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.  

Шымкентте мұғалімдер жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды.

"Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген", – делінген министрлік хабарламасында.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша №125 жалпы орта білім беру мектебінің лауазымды тұлғалары заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу