Шымкентте мұғалімдерге ковидке қарсы екпе салына бастады

1366

Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. 

Шымкентте мұғалімдерге ковидке қарсы екпе салына бастады

Шымкентте мұғалімдерге ковидке қарсы вакцина егу басталды. Бұл үшін қалаға І-компонентті 4800 доза және ІІ-компонентті 3800 доза "Гам-Ковид-Вак" вакцинасы әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

Бұл жолы екінші кезеңге сәйкес КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері алады. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Осы санаттағыларды вакциналау үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 21 егу кабинеті дайындалған. Мұғалімдерге екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізіледі.

Айта өтейік, вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу