Шымкентте мұнай өңдеу зауытын қайта құруға арналған жерді заңсыз берген

166

Сот шешімімен 54,7 гектар жер учаскесін жеке меншікке заңсыз беру тоқтатылды.  

Шымкентте мұнай өңдеу зауытын қайта құруға арналған жерді заңсыз берген Фото: gov.kz

Бұл жер учаскесі мұнай өңдеу зауытын қайта құру үшін мемлекеттік қажеттіліктерге алынуы тиіс болған, деп жазады inbusiness.kz cайты ҚР АШМ-ға сілтеме жасап.

Алайда, тексеру барысында ҚР Жер кодексінің 48-бабы бұзылғаны анықталды. Себебі жер аукциондар мен конкурстар арқылы бәсекелестік негізде берілуі тиіс.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл шешімді қолдап, заңды күшіне енгізді.

Бұл шаралар арқылы заңдылық қалпына келтіріліп, мемлекеттік бюджеттен 164,2 млн теңге көлемінде негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік туды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу