Мереке аясында ашылған жаңа субұрқақ лазерлік жарықпен және бейнепроекциямен жабдықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сәулетті нысан шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз. Ол – заманауи талаптарға сай жасалған жоғары технологиялы мультимедиалық кешен.
"Субұрқақ кешкі уақытта жұмыс істейді. Алдағы уақытта техникалық мүмкіндіктері кезең-кезеңімен жетілдірілетін болады. Сәулеттік туынды тек қаланың көркін ашып қана қоймай, серуен құрып, отбасымен демалуға арналған жаңа жайлы орынға айналатынына сеніміміз мол және шырайлы қаланың жарқын символының біріне айналары сөзсіз", – делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.