Шымкентте мыңға жуық мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

475

32 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Шымкентте мыңға жуық мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды Фото: Polisia.kz

Шымкент полицейлері 1000-ға жуық мотокөлік жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен мотошлем қолданбағаны үшін 187 тұлғаға хаттама толтырылды. 

Маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 123 жүргізуші әкімшілік кодекстің 595-бабымен жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 59 тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. 

Бұдан бөлек, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін – 47, техникалық қарап тексеруден өтпеген – 44, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген – 23, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған-23, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен -14 азамат жауапқа тартылды. 

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан орын алған 2082 құқық бұзушылық анықталып, 32 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу