Шымкентте нан бағасы көтерілді

1422

Шымшаһардың наубайханашылары болса бағаны көтеруге ұнның қымбаттауы себеп, сондықтан 10 теңгеге көтердік деп отыр.

Шымкентте нан бағасы көтерілді

Шымкентте нанның бағасы күрт көтерілді. Күні бүгінге дейін дүкен сөрелерінде 45-50 теңгеден сатылып келген бөлке нан 55-65 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сатушылар болса бұл өзгерісті нан пісіретіндерге байланысты деп отыр. Яғни, наубайхана қызметкерлері  бірер күн бұрын бағаның 10 теңге шамасында көтерілетінін ескерткен.

"Нан дайындайтындар "тұтынушыларға алдын ала ескертіңдер, біз келесі аптадан бастап бағаны көтереміз деп айтты. Содан кешеден бастап 45 теңгелік бөлкені 55 теңгеден сатып жатырмыз. Бәзбіреулер 60-65 теңгеден де сатуда. Амал жоқ солай сатып жатырмыз",- дейді дүкендегі сатушы Сымбат Досқараева.

Ал, шымшаһардың наубайханашылары болса бағаны көтеруге ұнның қымбаттауы себеп, сондықтан 10 теңгеге көтердік деп отыр.

"Бұған дейін біз жеңілдетілген бағамен берілетін ұнмен амалдап келген болатынбыз. Алайда соңғы кезде ұн бағасы өсті. 50 келі қаптағы ұн 3100 теңгеден сатылса, қазір 3900 теңге тұрады. Бұрынғыдай дотация да берілмейді. Оның үстіне  жарық пен су, газға төлейтін коммуналдық төлемдер де қымбаттаған.  Осының бәрі нан бағасының көтерілуіне әкеп отыр",- дейді "Нан" наубайханашылар қауымдастығының төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев.

Айта кетейік, Шымкентте нан бағасы соңғы рет екі жыл бұрын қымбаттаған болатын. Онда да бірден 10 теңгеге көтерілген еді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу