Шымкентте нашақорлық бойынша есепте тұрған 7 адам емделуден бас тартқаны үшін жазаланды

1093

Олар медициналық тексеру туралы ескертуді елемеген.  

Шымкентте нашақорлық бойынша есепте тұрған 7 адам емделуден бас тартқаны үшін жазаланды Фото: rc-respect.ru

Шымкент қаласында есірткі қолдануға байланысты есепте тұрған 7 азамат дәрігерлердің ескертуіне қарамастан міндетті медициналық тексеруден және емделуден бас тартқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратураның бастамасымен бұл азаматтардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 429-бабының 2-бөлігіне сәйкес 19 660 теңге мөлшерінде айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді олар тұрақты түрде медициналық тексеруден өтетін болды.

Прокуратура аталған бағыттағы жұмыстарды ерекше бақылауда ұстап отыр. Есірткі қолдануға байланысты есепте тұрған адамдар алғашқы 6 айда ай сайын, кейін тоқсанына кемінде бір рет медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл талап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Қадағалау органы азаматтарды медициналық тексеруден өту тәртібін сақтауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу