Шымкентте неге жарық сөніп қала береді

1800

Энергетиктер себебін түсіндірді.

Шымкентте неге жарық сөніп қала береді

Шымкентте соңғы күндері дауыл мен жауын-шашын болса, жарық сөніп қала беретін болған. Энергетиктер жарықтың жиі сөнуінің бірнеше себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сала мамандарының сөзінше, "Самал" 110/10 кВ электр тарату қосалқы станциясында болған ақау салдарынан өрт шыққан болатын. Апат салдарынан қаладағы 21 мың абонент ("Нұртас", "Нұрсәт", "Шымсити", "Нюсити АДЦ", "Солтүстік-Батыс", "Самал-3", "Асар" шағынаудандары, Көкжайлау ТК, Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлер) электр қуатынсыз қалған. Шағынаудандарды қайта электр қуатына қосу үшін аталған станцияда уақытша 10 кВ тарату бекеті орнатылып, электр қуаты берілген.

Сондай-ақ, 28 наурыз күні аталған тарату бекетінде ақау орын алуына байланысты (кернеу трансформаторы істен шыққан) электр қуаты берілуі тағы тоқтаған. Сол себепті, "Самал-3", "Асар" шағынаудандары және Төлеметов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлер, шамамен 5 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды. Бірақ "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-і және "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің апатты жою бригадасымен қалпына келтіріп, қазіргі уақытта электр қуаты берілді.

"Самал" 110/10 кВ электр тарату қосалқы станциянын толық қалпына келтіруге шамамен 1 ай уақыт қажет ететінін хабарлаймыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласы аумағындағы кейбір елді мекендеріндегі электр тарату бекеті белгісіз тұлғалар тарапынан тоналып, ішіндегі кейбір жабдықтары ұрланған. Бірнеше рет орын алған мәселені тоқтату мақсатында Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен "ҚуатЖылуОрталық-3" МКК және "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС тарапынан арнайы кезекшілік ұйымдастырылды. Дегенмен, электр тарату бекеттерінің тоналуы тыйылмаған. Алайда полиция қызметкерлерінің көмегімен күдіктілер ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- дейді сала мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу