Шымкентте негізсіз айып тағылған кәсіпкердің құқығы қорғалды

516

Тергеушінің әрекеті заңсыз деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкентте негізсіз айып тағылған кәсіпкердің құқығы қорғалды Фото: canva.com

2023 жылы Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған алкогольдік өнімді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Кәсіпорынның балансына тіркелген қоймада спирттік өнімнен бөлек басқа да алкогольсіз және салқын сусындар мен шырындар сақталған.

"Тергеуші тауарларды данамен алу барысында заңды өрескел бұзған. Сондай-ақ, ол тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін кәсіпкердің сауда-саттық жасауын шектеп, барлық қойманы жауып мөрлеген. Қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу