Шымкентте нөсер жауыннан көшелер мен аулалар суға толып, жаяу жүргіншілер мен көліктер әбігерге түсті, деп хабарлайды inform.kz.
Бір сағатқа созылған жауыннан жиналған су арыққа сыймай, көшелер мен аулаларды басты. Көліктер әрең қозғалып, жолды айналып өтуге мәжбүр болды.
Арғынбеков, Түркістан, Темірлан көшелері "өзенге" айналды. Әзірге қанша үйге су кіріп, шығын келгені беймәлім.
Синоптиктер өңірде таяу күндері жауын толастамай, су тасуы мүмкін деп ескертіп отыр. Ал 3-4 сәуірде күн қатты суытып, аяз болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу