Шымкентте нөсер жауыннан соң көпір астындағы жолды су басып қалды

518

Қалада бүгін күн күрт бұзылып, алдымен дауыл басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте нөсер жауыннан соң көпір астындағы жолды су басып қалды Фото: Бейнежазбадан

Кейін бір сағаттай толассыз жауған нөсер жауыннан Темірлан тас жолы мен Ахунбабаева көшесінің қиылысындағы көпірдің астын жолды су басып қалды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жаңбыр суының тереңдігі 50 см-ге жеткен.

Су тарту жұмыстарына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 14 мотопомпа және 30 жеке құрам өкілі, жергілікті атқарушы органнан 8 техника, 1 мотопомпа, 20 адам жұмылдырылған.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайсыздық тудырған жауын суы толығымен тартылғанын айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу