Шымкент қаласындағы Нұрсат шағын ауданы нөсер жауын салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды Atameken Business.
Нөмірі 47 үйдің бірнеше пәтерін су басып, тұрғындарды әбігерге түсірді. 8-9 қабаттағы пәтерлерге шатырдан су ағып, үй жабдықтары бүлінген. Тұрғындар туыстарының үйін уақытша паналауға мәжбүр болған. Сондай-ақ, тұрмыстық техника сататын дүкендердің бірі де жауын-шашын салдарынан шығынға ұшырады.
Айта кетейін, 18 мамыр күні Шымкент қаласында нөсер жауып, бірнеше жолды және тұрғынүйді су басқан болатын. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері де ауа райы жаңбырлы болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу