Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды

226

Қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасып жатыр.  

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды Фото: stan.kz

21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады", – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу