Шымкентте экологиялық апталыққа 1000‑ға жуық адам қатысты

252

Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.

Шымкентте экологиялық апталыққа 1000‑ға жуық адам қатысты Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ"  апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс‑шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өнегелі ұрпақ" акциясында "Достық ауласы" атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000‑ға жуық адам қатысты.

Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.

Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, "Бал Текстиль" ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін", - дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу