Шымкентте өрт сөндіру қызметінің басшысына қатысты іс қозғалды

480

Шымкентте өрт сөндіру және авариялық – құтқару қызметінің басшысына, алаяқтық бабы бойынша айып тағылды.  

Шымкентте өрт сөндіру қызметінің басшысына қатысты іс қозғалды Фото: khabar24.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, ол лауазымды өкілеттілігін асыра пайдаланып, қарамағындағы қызметкерлердің ақшасын иемденіп отырған.

Қазір қылмыстық іс сотқа өтті, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Ұжымның бірлескен отырысына, өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов арнайы қатысты. Ол министрдің бұйрығын оқып, әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

Ал, Антикор өкілдері сыбайлас жомқорлық әрекеттерінің жауапкершілік жүгі ауыр екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу