Шымкентте өрт сөндіруші ертегі кітап жазды

2411

Шымкентте өрт сөндіруші ертегі кітап жазды

Шымкентте төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері балаларға арнап өрт сөндірушілер туралы ертегі жазды, деп хабарлайды 24kz.

Еркебұлан Тасқараевтың өрт сөндіруші "Бебеу" деп аталатын алғашқы кітабы жарық көрді. Онда бүлдіршіндерге қызықты комикстар өрт қауіпсіздігін сақтап, қандай жағдайда құтқарушыларды көмекке шақыру керек екенін түсіндіреді. Жас маман өзінің күнделікті атқаратын жұмысы жайлы балаларға түсінікті тілмен, барынша қызықты етіп жазған. Кітаптың алғашқы 80 данасы Шымкент балабақшаларына тарту етілді.

"Бебеу" өрт сөндіру машинасы жайлы хикая өз жалғасын табады", – дейді автор.

 Ал, Еркебұлан Тасқараевтың әріптестері бұл оқиғадан жақсы мультфильм шығаруды ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу