Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
ТЖД-нің мәліметінше, 18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген.
"Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды", -делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу