Шымкентте өтетін бокстан Қазақстан біріншілігіне кіл мықтылар қатысады

849

Шымкентте өтетін бокстан Қазақстан біріншілігіне кіл мықтылар қатысады

Қазақстан бокс федерациясы Шымкентте өтетін бокстан Қазақстан біріншілігіне кіл мықты боксшыларды қатыстыруға ниетті, деп хабарлайды vesti.kz.

Тіпті бұл біріншілікте Гамбурге өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Қайрат Ерәлиев пен басқа да жүлдегерлер бақтарын сынайды. Олар қазіргі уақытта демалыстарын аяқтап, жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚФБ хабарлайды. 
Ішкі біріншіліктте еліміздің барлық мықты деген боксшыларды қатыстыру туралы шешім маусым айында қабылданып қойған. Бүгін федерацияның жиналысында тағы бір нақтыланды. 
"Біз Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігіне барлық боксшыларды қатыстыруды жөн санадық. Тіпті Гамбургте өткен әлем чемпионатында бақтарын сынаған боксшыларды да. Гамбургте боксшыларымыздың ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ. Боксшылардың барлығы да демалып болды. Ал Қазақстан чемпионаты - облыстар үшін Ұлттық құрама үшін де маңызды бәсеке. Өйткені, құрама осы ішкі біріншіліктің қорытындысы бойынша жасақталады. Сондықтан боксшылар мықтылықтарын осы біріншілікте дәлелдеулері керек. Боксшы жанкүйерлерін қызықты бәсекелер күтіп тұр", - дейді бұл мәселеге қатысты мемлекеттік бапкер Болат Әбдірахманов. 
Еске салайық, бокстан Қазақстан біріншілігі биыл 5 қараша күні Шымкентте бсталады. Ал финалдық кездесулер 12 қараша күні өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу