Шымкентте өзенге батқан бүлдіршінді құтқарған оқушылар марапатталды

569

Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан баланы құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Шымкентте өзенге батқан бүлдіршінді құтқарған оқушылар марапатталды Фото: Шымкент қ. ТЖД

 

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінде 6 жасар баланы құтқарған оқушылар марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан баланы құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 10 мамыр күні Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған.

Бадам өзеніне шомылуға келген бір топ бала кішкентай бүлдіршіннің суға батып кеткенін айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердәулет пен Рамазан оқиға орнына барады. Сол мезетте су бетінде баланың денесі қалқып жүргенін көріп қалып, құтқару үшін өзенге секіреді. Сөйтіп баланы жағаға алып шығады. Балалардың шебер әрекеттерінің арқасында алты жасар бала есін жиып, дем ала бастады. Уақытында көрсетілген медициналық көмек баланың өмірін сақтап қалды.

"Біздің заманымыздың батырлары Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Амангелдиев ТЖ департаменті басшылығының атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Рамазан Аманкелдиев бүгін мемлекеттік емтихан тапсыруына байланысты, оның марапаты анасына табысталды", делінген хабарламада.

Айта кету керек, Бадам өзені - жүзуге тыйым салынған орын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу