Шымкентте пакетке салынған адам сүйектері табылды

654

Шымкент қаласының тұрғыны пакетке оралған адамның бас сүйегі мен өзге де сүйектерін байқап қалып, полицияға хабар берген. 

Шымкентте пакетке салынған адам сүйектері табылды Фото: Андрей Литовченко

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Табылған сүйектердің шығу тегі мен жерленген уақыты анықталу үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, дәл осы ауданда өткен жылы да құрылыс кезінде адам сүйектері табылған. Сарапшылар олардың жасы шамамен 25–30-дағы азаматтарға тиесілі болуы мүмкін екенін айтқан.

Полиция тұрғындарды мұндай жағдай болған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға және ешқандай өздігінен әрекет етпеуге шақырады.

Бұған дейін де Шымкенттегі Володарский көшесіндегі супермаркет маңынан адам сүйектері табылғаны хабарланған. Ол кезде де сүйектерді құрылысшылардың байқап қалуы мүмкін деген болжам айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу