Сәрсенбі күні Шымкенттегі үйлердің біріндегі пәтерде газ жарылып 1980 жылы туған ер адам зардап шекті, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ТЖ департаменті.
Мекеменің ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні сағат 06:59-да "Солтүстік" шағын ауданында №62 үйдегі пәтерлердің бірінде газдың шығуынан жарылыс болған.
"Осының салдарынан бірінші пәтердің, сонымен қатар екінші пәтердің де есік-терезесі қираған", – делінеді хабарламада.
Оқиға орнынан денесінің 32%-ын күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.
"Комиссия материалдық шығынның себебі мен көлемін анықтап жатыр", – делінеді ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу